Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Көктем)

Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Көктем)

Қарайып жарқабақтар күн ыстаған,
Қырдан қар төмен қарай жылыстаған.
Тосады жалпақ дала күнге жонын,
Денесін жазайық деп құрыстаған.

Жөнкіген көшпелі бұлт бір де тынбай
Ақырын төмендейді қонатындай.
Жеңіл бу жер бауырлап қозғалады,
Қыстың ұшып кететін қанатындай.

Күлімдеп шуақ қонып сан қырына,
Көңілді жатыр дала жаңғырыға.
Табиғат өз перзенті – жас көктемді
Алады шомылдырып жаңбырына.

Ауылдың шығып алып қыр бетіне,
Даланың көзің салшы келбетіне.
Сансыз құс алуан ырғақ, түрлі әуез
Сайрайды жаңа көктем құрметіне.

Құрағы сырын шертіп қоғасына,
Сұлулық бітер көлдің жағасына.
Жаз келіп, көктем жылжып жүре береді
Інідей орын берген ағасына.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
22 наурыз өлеңдер, 22 наурыз өлең шумақтары, 22 наурызға арналған өлең шумақтары, наурыз мейрамы туралы өлеңдер, қадыр мырза әли Көктем коктем өлеңі, қадыр мырза әли өлеңдері әдеби әлем, кадыр мырза али стихи на казахском, қадыр мырза әлі өлеңдер жинағы, қадыр мырза әли өлеңдер жинағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]