Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Шабытты шақ)

Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Шабытты шақ)

Жүрек пен жүйке егессін,
Жыр көңіл сонда толғайды.
Жынды деп жынды емессің,
Демеуге және болмайды.

Тебісіп ырғақ миың да,
Төгесің сырды отырып.
Адам деп айту қиын да,
Алла деп айту өтірік!

Серпінді ой ішті кернейді,
Соғысқа кеткен көп сеңдей.
Құдайды көзің көрмейді,
Көреген бірақ жоқ сендей.

Қас қағым уақыт ішінде
Ұғасың бәрін дана боп.
Қас қағым уақыт ішінде
Шығасың және бала боп.

Жатасың сосын бой жазып,
Ақынға бір сәт саналмай.
Тамаша жырды мен жазып
Тастадым деуге сене алмай!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қадыр мырза әли Шабытты шақ өлеңі, қадыр мырза әли өлеңдері әдеби әлем, кадыр мырза али стихи на казахском, қадыр мырза әлі өлеңдер жинағы, қадыр мырза әли өлеңдер жинағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]