Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Өтірік)
![Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Өтірік)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2016-02/1455205078_78104a88eb6584f34eccfabfc995c757.jpg)
Ә дегенге мә десіп, өре тұрып,
Бет ауызды соққыға бере отырып,
"Құладым деп оқыста" ата-анаға
Қорыққаныңнан айтасың бір өтірік!
Қарағайдай паң түрі,
Төре түрі.
Қартайып-ақ қалғанын көре отырып,
Жеңгейлерге "әліде жап-жассың" деп,
Қимастықпен айтасың бір өтірік!
Тілеуіңді туысқа бере отырып,
Төсегінде өлерін көре отырып,
"Айығып-ақ кетесің",- деп ауруға
Аяғаннан айтасың бір өтірік!
Жалған әдет, әрине жоғалмақшы,
Жоғалмақшы,
Замана оңалмақшы.
Айналайын, зиянсыз өтірік-ай
Сонда біздің күніміз не болмақшы?!
Бет ауызды соққыға бере отырып,
"Құладым деп оқыста" ата-анаға
Қорыққаныңнан айтасың бір өтірік!
Қарағайдай паң түрі,
Төре түрі.
Қартайып-ақ қалғанын көре отырып,
Жеңгейлерге "әліде жап-жассың" деп,
Қимастықпен айтасың бір өтірік!
Тілеуіңді туысқа бере отырып,
Төсегінде өлерін көре отырып,
"Айығып-ақ кетесің",- деп ауруға
Аяғаннан айтасың бір өтірік!
Жалған әдет, әрине жоғалмақшы,
Жоғалмақшы,
Замана оңалмақшы.
Айналайын, зиянсыз өтірік-ай
Сонда біздің күніміз не болмақшы?!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: