Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Өтірік)

Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Өтірік)

Ә дегенге мә десіп, өре тұрып,
Бет ауызды соққыға бере отырып,
"Құладым деп оқыста" ата-анаға
Қорыққаныңнан айтасың бір өтірік!

Қарағайдай паң түрі,
Төре түрі.
Қартайып-ақ қалғанын көре отырып,
Жеңгейлерге "әліде жап-жассың" деп,
Қимастықпен айтасың бір өтірік!

Тілеуіңді туысқа бере отырып,
Төсегінде өлерін көре отырып,
"Айығып-ақ кетесің",- деп ауруға
Аяғаннан айтасың бір өтірік!

Жалған әдет, әрине жоғалмақшы,
Жоғалмақшы,
Замана оңалмақшы.
Айналайын, зиянсыз өтірік-ай
Сонда біздің күніміз не болмақшы?!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қадыр мырза әли Өтірік өлең олен кадыр мырза али стихи на казахском, қадыр мырза әли Өтірік өлеңі, қадыр мырза әли өлеңдері әдеби әлем, кадыр мырза али стихи на казахском, қадыр мырза әлі өлеңдер жинағы, қадыр мырза әли өлеңдер жинағы, Өтірік

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]