Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Мың жұлдызы болса да)

Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Мың жұлдызы болса да)

Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны,
Бір жұлдыздан тұрады, махаббаттың аспаны.
Сол бір жұлдыз жанады, сол аспанды жарық қып,
Жарықта да түк көрмес ғашық болған жарықтық!
Сол жұлдызсыз белгілі, оның естен танары,
Маңдайда емес, жүректе -
Ғашықтардың жанары.
Сол жүрекпен қараймын, сол жұлдызға сүзіліп,
Шаңыраққа ілінді ол, көк аспаннан үзіліп.
Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны,
Бір жұлдыздан тұрады шаңырақтың аспаны!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қадыр мырза әли махаббат өлеңдері, махаббат туралы өлеңдер, қадыр мырза әли махабат, қадыр мырза әли Мың жұлдызы болса да өлеңі олен стих, қадыр мырза әли өлеңдері әдеби әлем, кадыр мырза али стихи на казахском, қадыр мырза әлі өлеңдер жинағы, қадыр мырза әли өлеңдер жинағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]