Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Өлең - өнер пернесі)

Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Өлең - өнер пернесі)

Сыпырылсын жалған күлкі, маскалар!
Семсер ажал масканы емес,
Басты алар!
Ертең мынау көк теректер түбінде
Біз болмаймыз,
Табысады басқалар.

Кемеңгерлер,
Жайсаңдар мен қасқалар
Күні жетіп,
Топырағын жастанар
Ертең мынау дастарханның басында
Біз болмаймыз,
Отырады басқалар.

Ешкім де жоқ құқайыңнан жасқанар,
Кеудеңді сен қаға берме,
Масқара!
Ертең мынау өлең-жырдың басында
Біз болмаймыз,
Бағалайды басқалар!

***

О бастан-ақ мен бұған пәс қарадым,
Халық әні емес қой – мастар әні.
Жыр ұялса ұятсыз ақын үшін,
Сол-ақ шығар үлкені масқараның!

Қыран болып қонбасаң қияға бір,
Батқан күндей қызарып ұяңа кір!
Қалай болсаң, олай бол, айналайын,
Ақын болсаң, алдымен ұяла біл.

***

Күрестен түк өнбес,
Қауқарыңды біліп бақ.
Күлкі болғың келмесе,
Өзіңе өзің күліп бақ.

Әділ десең, жөн десең,
Айтқан жерде тұрып бақ.
Таяқ жегің келмесе,
Өзіңді өзің ұрып бақ!

Көрсе мініп шебердің
Кетеді жұрт шошып бір.
Ордасына өнердің аяғыңды шешіп кір.

***

Ажырата алмаса төр мен көрді,
Көрді деу де қиын-ау көргендерді.
Дәл атуды алдым мен мақсат қылып,
Ұстаз қылып алдым мен мергендерді.

Сыбырласып, сырласып текке түнмен,
Сұлу сөздер,
Кетпеңдер бет-бетіңмен!
Пулеметчик сияқты
Өлеңді де
Жатып алып атамын етпетімнен...

***

Айналайын, сөз танитын ер ме едің?
Сөз танысаң,
Қонағым боп төрледің.
Асаудың да асауы бар деуші еді,
Сөзден асқан асауды мен көрмедім.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өлең туралы өлеңдер, қадыр мырза әли Өлең - өнер пернесі өлеңі олен стих, қадыр мырза әли өлеңдері әдеби әлем, кадыр мырза али стихи на казахском, қадыр мырза әлі өлеңдер жинағы, қадыр мырза әли өлеңдер жинағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]