Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Бейнет - зейнет пернесі)

Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Бейнет - зейнет пернесі)

Жігітке жиырма деп қараған кім?
Жігіт емес бәрі шаш тарағанның.
Туған күні тумайды ер,
Туады ол
Тұңғыш рет жұмысқа жараған күн.

Бір ұғудай ұғып-ақ алғам мұны,
Артық шығар марғаудан малдың құны.
Өлген күні өлмейді ер,
Өледі ол
Қолынан іс келмей бір қалған күні.

***

Жалқаулыққа жамбасың қайдан шыдар!
Жүйкең шіріп кетпей ме ойдан шұбар?!
Нағыз жаза – жұмысқа салу емес,
Нағыз жаза – жұмыссыз қалған шығар!

***

Көңілдестер әр түрлі ұлыстан бар,
Керемет қой үндемей ұғысқандар.
Күнде-күнде көруге уақыт болмас,
Күле отырып ішелік, туысқандар!

Саулығыма қуансын туысқандар,
Сана-сезім,
Сендерде де тыныстаңдар!
Бір дем алып алайын әйткенменен,
Демалдырмас алда әлі жұмыстар бар.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
бейнет түбі зейнет, бейнет, бейнет туралы өлең, түбі зейнет, қадыр мырза әли Бейнет - зейнет пернесі өлеңі олен стих, қадыр мырза әли өлеңдері әдеби әлем, кадыр мырза али стихи на казахском, қадыр мырза әлі өлеңдер жинағы, қадыр мырза әли өлеңдер жинағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]