Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Мамыр)

Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Мамыр)

Адам үшін жұбаныш
Мамыр келді шуақты.
Күннің ішін қуаныш
Кернеп тұрған сияқты.

Ақ арманы көктемнің
Мамыр келді шуақты.
Іздегенін көктен Күн
Жерден тапқан сияқты.

Ала-бөтен сәндігің,
Мамыр-майым шуақты.
Табиғаттың дәл бүгін
Туған күні сияқты.

Әрі сұлу, әрі игі
Мамыр-майым шуақты:
Он бір ұлы бар үйдің
Жалғыз қызы сияқты!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Мамыр туралы өлең, қадыр мырза әли Мамыр өлеңі, қадыр мырза әли өлеңдері әдеби әлем, кадыр мырза али стихи на казахском, қадыр мырза әлі өлеңдер жинағы, қадыр мырза әли өлеңдер жинағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]