Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Шеше, сен бақыттысың + видео)
Шеше
Сен бақыттысың,
Жыламағың!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағың, жыламағың!
Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасындамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағың,
Байырғы берекеңді қашырмағың.
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Шеше» деп жаздым ылғи сөз басына.
(Тәңірім кеше көрсін кесірімді)
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Шеше,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…
Сен бақыттысың,
Жыламағың!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағың, жыламағың!
Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасындамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағың,
Байырғы берекеңді қашырмағың.
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Шеше» деп жаздым ылғи сөз басына.
(Тәңірім кеше көрсін кесірімді)
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Шеше,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…
Автор: 5 жасар Төрехан Данияр.
ҚАРАСАЗ ауылы
ҚАРАСАЗ ауылы
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ана, сен бақыттысың)
» Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ескі әнді, шеше, қозғама!)
» Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Бақыт деген)
» Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін)
» Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Түспейді жазсам жазу қара тасқа)

Іздеп көріңіз: