Қазақша өлең: Қазтуған Сүйінішұлы (Белгілі биік көк сеңгір)

Қазақша өлең: Қазтуған Сүйінішұлы (Белгілі биік көк сеңгір)

Белгілі биік көк сеңгір
Басынан қарға ұшырмас,
Ер қарауыл қарар деп,
Алыстан қарашалар деп;
Балдағы алтын құрыш болат
Ашылып шапса дем тартар,
Сусыным қанғақ анар деп;
Арғымақтың баласы
Арыған сайын тың жортар,
Арқа мен қосым қалар деп;
Ақ дария толқын күшейтер,
Құйрығын күн шалмаған балығым
Ортамнан ойран салар деп;
Азамат ердің баласы
Жабыққанын білдірмес,
Жамандар мазақ қылар деп!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазтуған жырау Белгілі биік көк сеңгір өлең жыр, қазтуған жырау өлеңдері, қазтуған жыраудың өлеңдері, қазтуған жыраудың толғаулары, қазтуған жыраудың жырлары, казтуган жырау жырлары, казтуган жырау стихи

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]