Қазақша өлең: Сағыныш сазы...
Қиыр да - шиыр,
Жүрістің шағы,
Тек жүріс деп те, айтпаймын.
Жүрекке жақын шығыстың сазы,
Хафиздан өлең жаттаймын.
Мереке десем,-
Күнімнің сәні,
Алданыш одан таппаймын.
Тамаққа тиіп шылымның дәмі,
Һайямның жырын мақтаймын.
Зарлыққа ұқсап,
Жырымның бәрі,
Мұңлық деп, саған ат қойдым.
Түсіме кіріп,
Ұғындым тағы...
Сол күнді бірақ, жоқтаймын.
Қиналған жанды,
Сөйте ме екен?
Қимаған әнді шерттім мен.
Махаббат деген,
Күлкі ме екен?!
Көзімнің жасын сүрттім мен.
Шын сұлулықтың,
Күлкісі бөтен,
Сұлулық емес,-
Көп күлген.
Бәріне көну мүмкін бе екен?
Қолымды сілтеп кеттім мен.
Тұсынан өтсем,
Күрсініп өтем,
Болмай ма одан шет жүрсем?!
Бақыт деп білген,
Бір түрлі екен,
Бақытқа қашан жеттім мен?!
Сен жаққа ағып,
Ағыстың бәрі,
Бұлттар да аққан от табан.
Қыс келмей енді,
Қар ұшқындады,
Қалады-ау аяқта,
Таптаған...
Сағыныш сазы түнепті түнге,
Қауызын әлі ашпаған.
Емдетем айтшы жүректі кімге?
Шырынын сығып тастаған.
Жүрістің шағы,
Тек жүріс деп те, айтпаймын.
Жүрекке жақын шығыстың сазы,
Хафиздан өлең жаттаймын.
Мереке десем,-
Күнімнің сәні,
Алданыш одан таппаймын.
Тамаққа тиіп шылымның дәмі,
Һайямның жырын мақтаймын.
Зарлыққа ұқсап,
Жырымның бәрі,
Мұңлық деп, саған ат қойдым.
Түсіме кіріп,
Ұғындым тағы...
Сол күнді бірақ, жоқтаймын.
Қиналған жанды,
Сөйте ме екен?
Қимаған әнді шерттім мен.
Махаббат деген,
Күлкі ме екен?!
Көзімнің жасын сүрттім мен.
Шын сұлулықтың,
Күлкісі бөтен,
Сұлулық емес,-
Көп күлген.
Бәріне көну мүмкін бе екен?
Қолымды сілтеп кеттім мен.
Тұсынан өтсем,
Күрсініп өтем,
Болмай ма одан шет жүрсем?!
Бақыт деп білген,
Бір түрлі екен,
Бақытқа қашан жеттім мен?!
Сен жаққа ағып,
Ағыстың бәрі,
Бұлттар да аққан от табан.
Қыс келмей енді,
Қар ұшқындады,
Қалады-ау аяқта,
Таптаған...
Сағыныш сазы түнепті түнге,
Қауызын әлі ашпаған.
Емдетем айтшы жүректі кімге?
Шырынын сығып тастаған.
Автор: Ислам Косжан
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: