Қазақша өлең: Ғашық сезім
Кең маңдайлы жазық бет қазақ қызы
Саған жетпес жаным-ау қыздың мыңы.
Ғашық еттің көркіңмен мені баурап,
Қылықтысың неткен жан адам гүлі.
Күндей жарқын жүзіңіз төккен нұрын,
Өзіңменен сезгендеймін өмір құнын.
Мінезің жайма шуақ сай келіп тұр,
Айтсаңшы қалқатай-ау мұның сырын.
Көз жеткен жерге жаным сөз жетпей тұр,
Жүресің қалай шыдап селт етпей бір.
Аңсарым өзіңе ауып, ойым бірге
Жұмақтың қор қыздарын естетпей тұр.
Саған жетпес жаным-ау қыздың мыңы.
Ғашық еттің көркіңмен мені баурап,
Қылықтысың неткен жан адам гүлі.
Күндей жарқын жүзіңіз төккен нұрын,
Өзіңменен сезгендеймін өмір құнын.
Мінезің жайма шуақ сай келіп тұр,
Айтсаңшы қалқатай-ау мұның сырын.
Көз жеткен жерге жаным сөз жетпей тұр,
Жүресің қалай шыдап селт етпей бір.
Аңсарым өзіңе ауып, ойым бірге
Жұмақтың қор қыздарын естетпей тұр.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: