Қазақша өлең: Қызғанамын!
Шабытпен көңілімнен жырақтаған,
Мен әлі өзің жайлы жыр ақтарам.
Сезімің сен сыйлаған сөнер емес,
Мұң болып жүрегіме тұрақтаған.
Сені ойлап жас боп ақты көзден өлең,
Мен мұндай махаббатты көздемеп ем.
Сенімен бақыт таңын көрмесем де,
Жете алам ол бақытқа өзгеменен.
Сені ойлап серік қылдым құса-мұңды,
Білмедім мұң көгінде ұшарымды.
Өзің деп мол қасірет шексем де мен,
Ашар ем, сен оралсаң кұшағымды.
Сүйсініп суретіңе жүз қарадым,
Сезбейсің жүрегімнің сыздағанын.
Жарқыным, мәңгі мендік болмасаң да,
Мен сені өзгелерден ҚЫЗҒАНАМЫН!
Мен әлі өзің жайлы жыр ақтарам.
Сезімің сен сыйлаған сөнер емес,
Мұң болып жүрегіме тұрақтаған.
Сені ойлап жас боп ақты көзден өлең,
Мен мұндай махаббатты көздемеп ем.
Сенімен бақыт таңын көрмесем де,
Жете алам ол бақытқа өзгеменен.
Сені ойлап серік қылдым құса-мұңды,
Білмедім мұң көгінде ұшарымды.
Өзің деп мол қасірет шексем де мен,
Ашар ем, сен оралсаң кұшағымды.
Сүйсініп суретіңе жүз қарадым,
Сезбейсің жүрегімнің сыздағанын.
Жарқыным, мәңгі мендік болмасаң да,
Мен сені өзгелерден ҚЫЗҒАНАМЫН!
(с) Алтынбек Әділбек
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: