Өлең: Қадыр Мырза Әли (Домбыра мен бесік)

Өлең: Қадыр Мырза Әли (Домбыра мен бесік)

Баба қазақ кебісті
Тас қапасқа өшікті.
Іздеймін деп кеңістік,
Кентін тастап көшіпті.

Батыр қазақ қылышты
Белін қашан шешіпті?!
Іздеймін деп тыныштық,
Түзін тастап көшіпті.

Ақын қазақ
Азаптың
Бәрін тастап көшіпті.
Іздеймін деп азаттық,
Тауын тастап көшіпті.

Бәрін тастап
Осы күн
Жеткен ұлы мұратқа.
Домбыра мен бесігін
Тастамаған бірақ та!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қадыр мырза әли Домбыра мен бесік өлеңі, қадыр мырза әли өлеңдері әдеби әлем, қадыр мырза әли өлеңдері домбыра, қадыр мырза әли домбыра өлеңі, домбыра туралы өлең, домбыра туралы өлең шумақтар, домбыра туралы өлең жолдары, домбыра туралы өлендер, бесік туралы өлеңдер, бесік туралы өлең жолдары, стихи на казахском языке бесик

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]