Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Босаған арқау)
Ағайынға ағайын жат болар-ақ,
Қайыр-мейір азайып сап болар-ақ.
Сертте тұрмас, селт етпес, иіс алмас,
Сергелдеңге мына жұрт тап болар-ақ.
Қорқынышым менің тым көбейгендей,
Жорықсыздық жолы тым кеңейгендей.
Әже өлген күн үйленген қызды көріп,
Көк өгізі үміттің шөмейгендей.
Түскендей-ақ түйеден сөйлеп кесек,
Жүргендер де сумаңдап тасиды есек.
Тоқ қарында жатқан соң иісті есеп,
Сұрамайды халыңды тартсаң төсек.
Кей ісіне таң қалам халқымыздың,
Түсінбеймін не екенін нарқымыздың.
Мәймөңкеге үйірміз жалпақ шешей,
Босап-ақ тұр арқауы салтымыздың.
Қайыр-мейір азайып сап болар-ақ.
Сертте тұрмас, селт етпес, иіс алмас,
Сергелдеңге мына жұрт тап болар-ақ.
Қорқынышым менің тым көбейгендей,
Жорықсыздық жолы тым кеңейгендей.
Әже өлген күн үйленген қызды көріп,
Көк өгізі үміттің шөмейгендей.
Түскендей-ақ түйеден сөйлеп кесек,
Жүргендер де сумаңдап тасиды есек.
Тоқ қарында жатқан соң иісті есеп,
Сұрамайды халыңды тартсаң төсек.
Кей ісіне таң қалам халқымыздың,
Түсінбеймін не екенін нарқымыздың.
Мәймөңкеге үйірміз жалпақ шешей,
Босап-ақ тұр арқауы салтымыздың.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Сөзді кім қалай ұғар, қалай бұрар?)
» Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Тіл)
» Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Көлік - дене көк танау қажығандай)
» Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Тықыршисың бәйге аттай, дегдар інім)
» Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Басымнан бермесем де билігімді)

Іздеп көріңіз: