Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Жақсы)

Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Жақсы)

Жақсыға жұрт қоспайды кез келгенді,
Әр тағдырға бір тараз безбендеулі.
Ауызбен аю алған толып жатыр,
Ер жасы-Елу екшейді Ез бен Ерді.

Жақсы — абыз.
Дініне ақ, тақуадар.
Ұрығына Алты Алаш — қанына адал.
Құлқын құртпас атақ пен байлық, мансап.
Ақ тілеулі ар құлы — жанына адал.

Жақсы — Қызыр.
Қол қусыр, қолын ұста.
Ауыстырма алтынды жез бен мысқа.
Жез мық сөзін жадыңа шегелеп қой,
Ақылыңа — шамшырақ, ойға — нұсқа.

Шын жақсының өрімтал ісі жақсы.
Өңі, ойы, лебізі — іші жақсы.
Жайсаңына жақсының жеткізетін,
Айналамда аман бол ынтымақшы.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жақсы туралы өлең, естеу нүсіпбеков Жақсы өлең естеу нусипбеков олен стих, естеу нүсіпбеков өлеңдері, естеу нүсіпбеков өлең олен скачать, естеу нүсіпбеков все стихи на казахском языке естеу нусипбеков

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]