Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Бақас қас)
Аз пысық әлі бейғам жіктеліп жүр,
Алшысыз, тәйке, бүксіз, шік келіп жүр.
Уымен бақастықтың ми зақымдап,
Ұлттық ой, санадан үптеліп жүр.
Жасайды ағаға іні айла сауда,
Баласы әкесіне салмай сауға.
Күндестік ала мысық ішін тырнап,
Сарыарқа ит қосады Алаутаға.
Сумақай, заң бақылап Қызыл Түлкі,
Апталған да күптелген жайнап мүлкі.
Арыстан, Арлан Қасқыр тергейді оны,
Былайғы момын халық үрпі-түрпі.
Тас бітеу ізгілікке керт құлағы,
Апатқа аттам жерде соқтырады.
Қастастық қапы тауып, жым жасырып,
Мұстафа Өз Түріктей мерт қылады.
Алшысыз, тәйке, бүксіз, шік келіп жүр.
Уымен бақастықтың ми зақымдап,
Ұлттық ой, санадан үптеліп жүр.
Жасайды ағаға іні айла сауда,
Баласы әкесіне салмай сауға.
Күндестік ала мысық ішін тырнап,
Сарыарқа ит қосады Алаутаға.
Сумақай, заң бақылап Қызыл Түлкі,
Апталған да күптелген жайнап мүлкі.
Арыстан, Арлан Қасқыр тергейді оны,
Былайғы момын халық үрпі-түрпі.
Тас бітеу ізгілікке керт құлағы,
Апатқа аттам жерде соқтырады.
Қастастық қапы тауып, жым жасырып,
Мұстафа Өз Түріктей мерт қылады.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Қат-қабаты эфирдің...)
» Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Жарқыл қаққан жас бойдан жанаттылық)
» Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Ағалы)
» Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Түрлі тойым)
» Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Сөзді кім қалай ұғар, қалай бұрар?)

Іздеп көріңіз: