Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Сөз - артист)

Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Сөз - артист)

Сөзартист,
Жасанады алуан түсте.
Түрленеді киімі де киген үсте.
Әлде шын, әлде ойын, әлде оспақ,
Шиесі тым шытырман түйген іште.

Көп сырын ешкімге оңай танытпайды.
Ой атын жүгендейді, хамыттайды.
Не терең, не тылсымға сүңгітсе де,
Көз алдап — сағымданып шаңытпайды.

Бастайды айқын, ашық алыстарға,
Жорттырып,
Қосып көріп жарыстарға.
Кешікпей ұстатады тізгініңді,
Есіңе ес қосатын таныстарға.

Сөзартист,
Сахынасы күнде басқа.
Бейтап боп, дәт шыдар ма тыңдамасқа.
Сорым ғой түссе сөзім сахынадан,
Қайда әбді ар, имандай құндамасқа?!

Тап басып тануға оны діт көз керек.
Ал, сана саралайтын тіпті өзгерек.
Табылар кімнен қанша сана зерек?
Табылар кімнен қанша діт көздер еп?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
естеу нүсіпбеков Сөз - артист өлең естеу нусипбеков олен стих, естеу нүсіпбеков өлеңдері, естеу нүсіпбеков өлең олен скачать, естеу нүсіпбеков все стихи на казахском языке естеу нусипбеков

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]