Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Соғыс ардагерлеріне)

Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Соғыс ардагерлеріне)

Армысыңдар, ағалар, от кешкендер!
Ақ тәндерін боршалап оқ тескендер.
Армысыңдар, ағалар, ардагерлер!
Ар сыналған жылдарда от кешкендер.

От кештіңдер, қып-қызыл шоқ кештіңдер!
Аяр жаумен аянбай өштестіңдер.
Көзін жоймай гитлершіл жендеттердің.
Беттен қайту, бел шешу жоқ дестіңдер.

Ер өлімін көрдіңдер достарыңнан,
Қайтардыңдар қанды кек қастарыңнан.
Куә оған бұл күнде протез қол,
Қақпақсыз ми бүлкілдер бастарыңнан.

Бастарыңнан айналдық, қолдарыңнан,
Айлар тусын әманда оңдарыңнан,
Қара орманды халқыңның ортасынан
Төрлетуге сендерге жол жарылған.

Сендер бізге қашан да үлгісіңдер,
Тым алысты көрсетер дүрбісіңдер.
Адамзатқа жақсылық әкелуде
Жапырақты, саялы, бүрлісіңдер.

Тұлғаларың әрқашан биік тұрар,
Батыр деген бір сөзге сыйып тұрар.
Ізгіліктің, ерліктің, қайсарлықтың
Өсиетін шүмектеп құйып тұрар.

Кеуделерің, біздерге кең сарайдай,
Мейірменен қарайды бір тараймай.
Сендер жайлы толғансам оралардай
Ойы отты жол, ұшқынды сөз алаудай.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ардагер туралы өлеңдер, соғыс ардагерлері туралы өлеңдер, естеу нүсіпбеков Соғыс ардагерлеріне өлең естеу нусипбеков олен стих, естеу нүсіпбеков өлеңдері, естеу нүсіпбеков өлең олен скачать, естеу нүсіпбеков все стихи на казахском языке естеу нусипбеков

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]