Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Жүрмін-ау жүрек жара қуана алмай)

Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Жүрмін-ау жүрек жара қуана алмай)

Жүрмін-ау жүрек жара қуана алмай,
Ел танып еңбегімді – жұбана алмай.
Дөп сыйлап артық-кемсіз сыбағамды,
Бір тосын бақыт күнім туа қалмай.

Аз болмай арман-қырғи алысары,
Ой биік самғар еді алыс, ары…
Бесінші белесімде тағдыр таптым
Анда да, мұнда да емес,
Әрі-сәрі.

Құр қолмын еленуден, атақтан да,
Даңғаза дау-дабыра шатақтан да.
Отырмын тұлдай ұстап талант атын
Бестідей таң асырған матап таңға.

Кеш қалдым
Жүйіріктермен жарыса алмай,
Алысар кезде жөндеп алыса алмай.
Ақ шаңқан бәйге емес деп сөкпе, жұртым,
Өнерді сыйлаушы едім Намыс, Ардай.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
естеу нүсіпбеков Жүрмін-ау жүрек жара қуана алмай өлең естеу нусипбеков олен стих, естеу нүсіпбеков өлеңдері, естеу нүсіпбеков өлең олен скачать, естеу нүсіпбеков все стихи на казахском языке естеу нусипбеков

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]