Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Қадіріне жеттің бе?)

Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Қадіріне жеттің бе?)

Қадіріне жеттің бе уақыттың, әр сәттің?
Сарсаң оймен сабылтып жүйке-көлік шаршаттың.
Күн қыздырды төбеңнен, бауырыңнан Жер Ана,
Терлеп-тепшіп балбырап көктемдегі қарша ақтың.

Қадіріне жеттің бе бойда қуат бар Шақтың?
Той-думан мен қыз-қырқын дырдуына қарсы ақтың.
Бас жарғызып сойылға, Байтөбетке таланып,
Жемі болдың шибөрі, ашкөз қасқыр, қарсақтың.

Сүңги білдің өзенде жал-құйрыққа жармаспай,
Мың құбылтқан өң-түсін айла, қулық алмаспай,
Мінездерің төменшік — тұйықтығың томаға,
Шыға алмадың аспанға жай тастауға алмастай.

Қартайғанда қамығып шарша осылай қуатсыз.
Ашты тырдай етегін өз ғасырың ұятсыз.
Келер Барыс ғасырға қазақ барса, — сен барсың,
Қазақ барда ойлама қаламын деп миятсыз.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қадір туралы өлеңдер, естеу нүсіпбеков Қадіріне жеттің бе өлең естеу нусипбеков олен стих, естеу нүсіпбеков өлеңдері, естеу нүсіпбеков өлең олен скачать, естеу нүсіпбеков все стихи на казахском языке естеу нусипбеков

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]