Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Таудай талап берген тағдыр, япырай)

Таудай талап берген тағдыр, япырай,
Ең болмаса бақ бермепті тарыдай.
Өксіді өмірім, өсек-қаншық із кесіп,
Еңбекке сай сыбағама жарымай.
Өкпелеуге хақым жоқ па өмірге?!
Әлде менің жүйке жүйем темір ме?
Әлде жүйкем-жүн, болмаса киіз бе?
Кожекедей күйгем жоқ па көмірге…
Мектепте үш жыл істемеген дәйекті
Бір су мұрын еңбегімді зая етті.
Жүрегі тас, кор көз соқыр кеудемен
Отты өшіріп, быж-тыж көңіл шая етті.
Асылдарым айырбас боп бақырға,
Тұлпар үміт тұл байланды ақырда.
Ұстаздықтың исі бармас мұрнына
Сол көр кеуде отырғызды тақырға
Ең болмаса бақ бермепті тарыдай.
Өксіді өмірім, өсек-қаншық із кесіп,
Еңбекке сай сыбағама жарымай.
Өкпелеуге хақым жоқ па өмірге?!
Әлде менің жүйке жүйем темір ме?
Әлде жүйкем-жүн, болмаса киіз бе?
Кожекедей күйгем жоқ па көмірге…
Мектепте үш жыл істемеген дәйекті
Бір су мұрын еңбегімді зая етті.
Жүрегі тас, кор көз соқыр кеудемен
Отты өшіріп, быж-тыж көңіл шая етті.
Асылдарым айырбас боп бақырға,
Тұлпар үміт тұл байланды ақырда.
Ұстаздықтың исі бармас мұрнына
Сол көр кеуде отырғызды тақырға
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Қам көңіл, қам сүт емген пендемін ғой)
» Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Жүрмін-ау жүрек жара қуана алмай)
» Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Үміт)
» Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Ақылымды “әй” дерім)
» Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Сөз - артист)
» Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Қам көңіл, қам сүт емген пендемін ғой)
» Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Жүрмін-ау жүрек жара қуана алмай)
» Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Үміт)
» Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Ақылымды “әй” дерім)
» Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Сөз - артист)
Іздеп көріңіз: