Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Арқаның суық бораны)
Арқаның суық бораны
Арқадан өтіп барады.
Алда тұр қарға малтығып,
Азынап құрбан алаңы.
Жібімей қатқан мұздары,
Қайтпапты қыстың ызғары.
Қариды іште өзекті,
Қосылып тарих ызбары.
Тіріліп түгел құрбандар,
Орнынан өре тұрғандай.
Әруақтың бәрі қолдасып,
Біздерге бетін бұрғандай…
…Шәкәрім әлде Міржақып,
Білдіріп ашық ризалық,
Құйып тұр Алаш көгіне,
«Нұрнама» оқып Нұр Жарық…
Арқадан өтіп барады.
Алда тұр қарға малтығып,
Азынап құрбан алаңы.
Жібімей қатқан мұздары,
Қайтпапты қыстың ызғары.
Қариды іште өзекті,
Қосылып тарих ызбары.
Тіріліп түгел құрбандар,
Орнынан өре тұрғандай.
Әруақтың бәрі қолдасып,
Біздерге бетін бұрғандай…
…Шәкәрім әлде Міржақып,
Білдіріп ашық ризалық,
Құйып тұр Алаш көгіне,
«Нұрнама» оқып Нұр Жарық…
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Сөз - артист)
» Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Жақсы)
» Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Қам көңіл, қам сүт емген пендемін ғой)
» Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Қыз-Тасына қиялап)
» Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Таудай талап берген тағдыр, япырай)

Іздеп көріңіз: