Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Бірінен бірі биік)

Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Бірінен бірі биік)

Жетпіс жас — жеті кезең, жеті дәуір,
Желкеме көп жүк артты: жеңіл де ауыр.
Жеңілі жел өтінде желпіндірді,
Ауыры арқа-жонды етті жауыр.

Бірінен бірі биік кезеңдерім,
Аямай алдан тосты белең-белін.
Тайғақ та қия-құзды қиын жолдар
Ернімнің талай көрді кезергенін.

Бірінен бірі өктем дәуірлерім
Сіңірді жазды әкелер сәуір лебін.
Үміті, арманы да, шыдамы да,
Төзімі, қажыры да — бәрі тегін.

Аз емес алғандарым бойға шақтап,
Жортсам да шаршамадым ой қасаттап.
Десе де дегеніме жете алмадым,
Отырмын опыныспен шоқ құшақтап…
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
естеу нүсіпбеков Бірінен бірі биік өлең естеу нусипбеков олен стих, естеу нүсіпбеков өлеңдері, естеу нүсіпбеков өлең олен скачать, естеу нүсіпбеков все стихи на казахском языке естеу нусипбеков

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]