Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Жарқыл қаққан жас бойдан жанаттылық)

Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Жарқыл қаққан жас бойдан жанаттылық)

Жарқыл қаққан жас бойдан жанаттылық,
Көрсем деймін сардарлық, санаттылық.
Албырттық пен аңғырттық ала қашпай,
Ұстасаң-ау табанды тағаттылық.

Күрестің бе?
Мықты ұста бір қалыптық.
Әпермейді абырой ұр да жықтық.
Астаспаса айла-әдіс ақылменен,
Қажмұқандық алыптық – құр халықтық.

Құр халықтық – оқыстық, жалаң төстік.
Әперсе де сыныпта жалаң бестік,
Түп түйіні: жекпе-жек, қалмақ, қырғыз,
Қарадүрсін мерт болу, қамалға өштік…

Оған саю – жарты ақыл, таяздығың,
Парасатта жайдақтық, саяздығың.
…Ашу, ыза ашынтып аз айттырса,
Байып, білім толтыртар ой аздығын…
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
естеу нүсіпбеков Жарқыл қаққан жас бойдан жанаттылық өлең естеу нусипбеков олен стих, естеу нүсіпбеков өлеңдері, естеу нүсіпбеков өлең олен скачать, естеу нүсіпбеков все стихи на казахском языке естеу нусипбеков

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]