Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Басымнан бермесем де билігімді)
Басымнан бермесем де билігімді,
Үлкенге ұмытпаймын илігуді.
Жол берем кішілікпен кісілікке,
Тізгіндеп жөн-жосықсыз килігуді.
Кіші аз ба кердең, кербез билігі өр,
Елеусіз оларға да беремін төр.
Кенделік емес шығар пенделігім,
Кішілік мінім болса түзетер көр.
Үлкенге ұмытпаймын илігуді.
Жол берем кішілікпен кісілікке,
Тізгіндеп жөн-жосықсыз килігуді.
Кіші аз ба кердең, кербез билігі өр,
Елеусіз оларға да беремін төр.
Кенделік емес шығар пенделігім,
Кішілік мінім болса түзетер көр.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: