Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Қыз-Тасы - ер сақшыдай)

Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Қыз-Тасы - ер сақшыдай)

Табжылмас та аттамас,
Текше-текше тақта тас .
Маңқиып тұр көл кешіп,
Маңында жоқ бақталас.

Қыз-Тасы — ер сақшыдай,
Дара тұлға жақсыдай.
Тасыр, түлей мәңгүртке
Шайқы-бұрқы бақсыдай.

Бас-аяғын барласаң,
Зерделі көз алмасаң,
Сыры, жыры таусылмас,
Айтсаң-дағы қай-қашан.

Елестетсе түстіктен
Сәукелелі мүңдықты,
Елестетер батыстан
Қарт әжені күндікті.

Көл күзетіп күндіз-түн,
Керуен күйлер шертеді.
Түйдек-түйдек өткізген,
Тарихы — аңыз, ертегі
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
естеу нүсіпбеков Қыз-Тасы - ер сақшыдай өлең естеу нусипбеков олен стих, естеу нүсіпбеков өлеңдері, естеу нүсіпбеков өлең олен скачать, естеу нүсіпбеков все стихи на казахском языке естеу нусипбеков

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]