Ай мен Жұлдыз
Ай мен Жұлдыз
Күн батып, шықты көктен жарқырап,
Қараңғы түн, тұла бойым маужырап.
Бұлт арасынан сәулесін төгіп жерге,
Қарай берген сенің сұлу келбетіне.
Айлы түні жарық жұлдыз көгімде,
Көк аспанда бұлтсыз қара түнімде.
Көзге түсті жарық жұлдыз ерекше,
Қарай бердім көзім тоймай көркіне.
Ай мен Жұлдыз жарасардай біріне,
Бірі болмаса сұлулығы кетер ме?
Көп жұлдыздың ішінен сені тандадым,
Жерге төкті сәулесін, бар махаббатын.
Екеуі жанады аспанды жарық қылып,
Қараймын да, таңырқаймын үңіліп.
Ай мен Жұлдыз болмаса жер бетінде,
Аспан түні қараңғыдай өтер ме?
Авторы:Оразбеков Диас
Жазылған күні:29.05.20ж
#Шабыт#Келгенде#
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: