Ұйқысыз Түн


Ұйқысыз түн

Терезеден ай сәулесі сығалап 
Сені ойлап ұйықтай алмай жатырмын 
Сансыз ойлар маза бермей шарқырап 
Көз алдыма елестейді қылықтарын 

Таң атқанша ілінбеді көздерім 
Тек өзіңмен бір болу бар тілерім 
Ғашық еттің мөлдір қара көзіңмен 
Қаша алмадым махаббатын өртінен 

Қарап отырсам түн жарым сағатта 
Қорылдап адамдар жатыр ұйқыда 
Елестетем бейненді көз алдымда 
Өзіңді ойлап көңілім жабырқауда

Сенсіз Жаным, жүрегім жалғызсырап 
Қара түн қап-қара болып маужырап 
Жабырқаумен өткіземін әр түнімді 
Маған арман бір көру сенің жүзіңді

Авторы: Оразбеков Диас 
Жазылған күні: 15.03.20  01:21 

#Түнгі#Шабыт#
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]