Жастық жалыны (өлеңдер)
Әдемі қыз.
1.Қардай аппақ жүздері
Құралайдың көздері.
Сызылған сөз үндері
Әп-әдемі өздері.
2.Топ-томпақ боп беттері,
Сипағанда жұп-жұмсақ.
Кім десеңдер бұларды,
Құзға емес пе тұр ұқсап ?!
3. Қыз әдемі сүйеді,
Сылқ-сылқ етіп күледі.
Ал жігіттің жүрегі
Ғашық болып күйеді.
4-Ай, қыздар-ай, қандайсыңдар?
Тәтті-ақ,шіркін, балдайсыңдар.
Шалқар көлде ұлусындар,
Нағыз ерке сұлусыңдар.
31.05.04ж
Алғашқы қар.
1.Сақылдағн сары аяз,
Ою өрнек ояды.
Терезенің бетіне,
Сурет салып қояды .
2.Жаңа жауған жас қардың,
Иісі мұрнын жарады.
Біздей міне жастардың,
Ойына ой салады.
3.Алғаш түскен ақша қар,
Қара жерді ағартты.
Мерзіміңе сәт- сапар,
Ескі өмірді жаңартты.
4.Басталды қысмезгілі,
Үш ай оның мезгілі.
Ұлпа қардың аппақ боп
Ақниеті сезілді.
27.12.03ж
Анашымның жүрегі
1.Жүрегім менің анашыма байланған,
Тірегім менің бір өзіңсің анашым.
Ақ әлдилеп осы өмірге жеткізген,
Дәл өзіме, анам менің! панасың.
2.Орындалар аналардың тілегі,
Біз боламыз анамыздың түлегі.
Қайда болса анашымның ақылы,
Қайда жүрсем аман тілеп жүреді.
3.Қасиетті анашымның ақ сүті,
Еркелесем қалай-қалай күледі.
Әрқашан да аялаймын – анам манің!
Бәрі-бәрі анашымның жүрегі.
4.Тұңғұйықтың тереңінен жаралған,
Ана деген үш әріптен құралған.
Ардақтаса аналарды, ардақта!
Әсем жүзі әсіресе нұрланған.
5.Анашымның жүрегі –
маған арнап жаралған,
Анашымның тілегі –
маған арнап жазылған.
Маған арнап жазылған –
Анашымның тілегі!
Маған арнап жаралған –
Анашымның жүрегі!
08.03.2004ж
Источник: bilimdiler.kz
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: