Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Талап — көлік, бозбала, талғам — көзің)

Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Талап — көлік, бозбала, талғам — көзің)

Талап — көлік, бозбала, талғам — көзің,
Жанға жылу құяды айтқан сөзің.
Қан ойнаған жүзіңнен байқалады
Көкірегіңде қайнаған отты сезім.

Тау суындай талабың тасып тұр, ә?
Діттеп тасыт, албаты асықтырма.
Сайды бұзып, жарды есіп, сүрен салып,
Жас қайратты жел өті шашып тынба.

Сабап, зорлап қинама көлігіңді,
Көрік жыртпа, босатпа желігіңді.
Қадірін біл жастықтың қайта оралмас,
Сұлуды естен тандырар пері күнгі.

«Заманың түлкі болса, — тазы боп шап»,
Олжа алып сыбағаңнан азығың тап.
Қыранды қия шыңнан алуды ойла,
Айла-арқан тапжылтпайтын қазығың қақ.

Болжасам: бола қоймас жолың тегіс.
Мал өріс қусырылды және егіс.
Шығыстан айдаһар ел айбар шексе,
Батыстан сұқ қадайды көздер көгіс.

Шолжаңның аттай көрме талтаңымен,
Балта ұста, — жолға шықсаң балталымен.
Оқ қағар, от қаруды қатар сайла,
Қағысар қалтаңды да қалталымен.

Шыдас бер заманыңа меңгергендей,
Көкпар қып көк серкесін өңгергендей.
Мен сонда марқаямын ұл өсті деп,
Тапқанын исі қазақ тең бөлгендей.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
естеу нүсіпбеков Талап көлік бозбала талғам көзің өлең естеу нусипбеков олен стих, естеу нүсіпбеков өлеңдері, естеу нүсіпбеков өлең олен скачать, естеу нүсіпбеков все стихи на казахском языке естеу нусипбеков, Талап көлік бозбала талғам көзің

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]