Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Ауыл әлем-тапырық)

Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Ауыл әлем-тапырық)

Ауыл әлем-тапырық,
Арақты жүр сапырып.
Баласы ұрсып әкеге,
Шыға келер ақырып.

Адамы азғын, малы арық,
Мөлиеді аларып.
Еріндері кезерген,
Жел өтінде қабарып.

Бірі масаң бәңгі де,
Бірі ұқсайды әңгіге.
Көренбай да Жөренбай,
Көди-сөди әңгіме…

Машинасы қорапсыз,
Тракторы жарақсыз.
Сарнатады сылтауды…
Демейді ешкім олақпыз.

Ойқы-шойқы көшесі,
Сотты болған нешесі.
Сықсыңдайды үйінде
Кәрі әкесі, шешесі.

Киімі тозғын, бар жамау,
Қабақ кірбең, жан жадау.
Әжім-әжім жеңешем,
Кім боп кеткен Аллам-ау?!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ауыл туралы өлеңдер, ауыл туралы өлең жолдары, ауыл туралы өлең шумақтар, естеу нүсіпбеков Ауыл әлем-тапырық өлең естеу нусипбеков олен стих, естеу нүсіпбеков өлеңдері, естеу нүсіпбеков өлең олен скачать, естеу нүсіпбеков все стихи на казахском языке естеу нусипбеков

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]