Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Барша түрік баласы)
Барша түрік баласы –
Бейне қолдың саласы.
Бірге туып, бірге ескен,
Болмай көңіл аласы.
Алтай таудың дарасы,
Алатаулар арасы –
Ата қоңыс қут мекен,
Қымыз толы сабасы.
Сайын дала, қула дүз –
Жасыл жайлау, қуба күз.
Сулы, нулы жон-жота:
Қайың жігіт, жуа қыз.
Болған онда су ортақ,
Көк бөрілі ту ортақ.
Ойын ортақ, күлкі ортақ,
Төл жамырар шу ортақ.
Болған онда тау ортақ,
Орман ортақ, бау ортақ.
Дала кернеп мынғырған
Жылқы шабар жау ортақ.
Болған онда жер ортақ,
Жерді қорғар ер ортақ.
Шаттық ән мен күй ортақ,
Қобыз зарлар шер ортақ.
Сол түріктер өсіпті,
Узақ тарих кешіпті.
Бытырапты тус-тусқа,
Теріп ғайып несіпті.
Қырғыз қонып Нарынға,
Уйғыр, Турпан, Тарымға.
Оғуз нәсіл түрікмен
Құлдилапты Амурға.
Ыңғай жайсаң ескекті ер,
Таңдап шүйген шөптес жер,
Еділ-Жайық бетке апты
Татар, ноғай, естектер.
Өзбек – аға қауымда,
Орнығыпты бауында.
Қазаналы қара орда
Қалыпты қазақ бауырда.
Ешбір жаудан қашпаған,
Қауіп бар деп саспаған,
Салжук батыр Кавқазға
Көп тайпаны бастаған.
Тулпар бағып байыған.
Қаңлы нәсіл Қайы хан
Өріс апты көп журтпен
Кіші Азия жайынан.
Арғымығын зытықытып,
Түрік туын тік тутып,
Немересі Туғырыл
Султан бопты кут бітіп.
Туғырылдың баласы,
Көзінің ақ-қарасы –
Осман Султан тусында
Кеңіпті шекарасы.
Султанндық тез қостанды.
Араб, үрім жасқанды.
Көп кешікпей мемлекет
Атын алды Османды.
Кім бүтіндер кетікті.
Тар замандар өтіпті.
Телім-телім кей туыс,
Тентіреп те кетіпті.
Кейі ерлеп өтіпті,
Біліп әрбір тетікті.
Ер Туғырыл урпағы
Ерте есейіп жетіпті.
Қазаққа да тар заман
Басқа салса зар заман,
Қорғап ата мекенді,
Сақтап қалды жерді аман.
Барлық түрік несіпті
Қилы тарих кешіпті.
Қос қурылық бетінде
Қырық ултқа өсіпті.
Кеі қул боп кесікті,
Умытыпты бесікті.
Кейі діннен адасып,
Қиратыпты мешітті.
Кейіне енді дес тиіп,
Мезгілінен кеш тиіп.
Оның, солын айырып,
Келе жатыр ес жиып.
Соның бірі — біз қазақ,
Бастан кешкен жүз тозақ.
«Мың тіріліп, мың өліп»
Шықтық әрең мұз жалап.
Түрік едік біз қазақ,
Қызық – ақпыз бір ғажап.
Жалтақтаймыз жан-жаққа,
Жалтаң сөзбен құр қожақ.
Ата қоныс, жау жорық,
Жүрген шақтар тау қонып,
Тұрандықты үндейді,
Жөн табайық сау болып.
Жасамасаң бұрандық,
Жат емес-ау тұрандық.
Табан тіреп төтейді,
Жуандыққа жуандық.
Тарих – қазық, байқайық!
Шыннан қайтіп тайқайық?!
Шәкәрім қарт жазғанға
Қай бетпен бас шайқайық!
Ат қазыққа байлансын,
Пайдалы сөз сайлансын.
Туыс жұрттар табысып,
Алаң көңіл жайлансын.
Түріктенсін қаламыз,
Түріктенсін даламыз.
Түріктенсін санамыз,
Түрік болып қаламыз.
Бейне қолдың саласы.
Бірге туып, бірге ескен,
Болмай көңіл аласы.
Алтай таудың дарасы,
Алатаулар арасы –
Ата қоңыс қут мекен,
Қымыз толы сабасы.
Сайын дала, қула дүз –
Жасыл жайлау, қуба күз.
Сулы, нулы жон-жота:
Қайың жігіт, жуа қыз.
Болған онда су ортақ,
Көк бөрілі ту ортақ.
Ойын ортақ, күлкі ортақ,
Төл жамырар шу ортақ.
Болған онда тау ортақ,
Орман ортақ, бау ортақ.
Дала кернеп мынғырған
Жылқы шабар жау ортақ.
Болған онда жер ортақ,
Жерді қорғар ер ортақ.
Шаттық ән мен күй ортақ,
Қобыз зарлар шер ортақ.
Сол түріктер өсіпті,
Узақ тарих кешіпті.
Бытырапты тус-тусқа,
Теріп ғайып несіпті.
Қырғыз қонып Нарынға,
Уйғыр, Турпан, Тарымға.
Оғуз нәсіл түрікмен
Құлдилапты Амурға.
Ыңғай жайсаң ескекті ер,
Таңдап шүйген шөптес жер,
Еділ-Жайық бетке апты
Татар, ноғай, естектер.
Өзбек – аға қауымда,
Орнығыпты бауында.
Қазаналы қара орда
Қалыпты қазақ бауырда.
Ешбір жаудан қашпаған,
Қауіп бар деп саспаған,
Салжук батыр Кавқазға
Көп тайпаны бастаған.
Тулпар бағып байыған.
Қаңлы нәсіл Қайы хан
Өріс апты көп журтпен
Кіші Азия жайынан.
Арғымығын зытықытып,
Түрік туын тік тутып,
Немересі Туғырыл
Султан бопты кут бітіп.
Туғырылдың баласы,
Көзінің ақ-қарасы –
Осман Султан тусында
Кеңіпті шекарасы.
Султанндық тез қостанды.
Араб, үрім жасқанды.
Көп кешікпей мемлекет
Атын алды Османды.
Кім бүтіндер кетікті.
Тар замандар өтіпті.
Телім-телім кей туыс,
Тентіреп те кетіпті.
Кейі ерлеп өтіпті,
Біліп әрбір тетікті.
Ер Туғырыл урпағы
Ерте есейіп жетіпті.
Қазаққа да тар заман
Басқа салса зар заман,
Қорғап ата мекенді,
Сақтап қалды жерді аман.
Барлық түрік несіпті
Қилы тарих кешіпті.
Қос қурылық бетінде
Қырық ултқа өсіпті.
Кеі қул боп кесікті,
Умытыпты бесікті.
Кейі діннен адасып,
Қиратыпты мешітті.
Кейіне енді дес тиіп,
Мезгілінен кеш тиіп.
Оның, солын айырып,
Келе жатыр ес жиып.
Соның бірі — біз қазақ,
Бастан кешкен жүз тозақ.
«Мың тіріліп, мың өліп»
Шықтық әрең мұз жалап.
Түрік едік біз қазақ,
Қызық – ақпыз бір ғажап.
Жалтақтаймыз жан-жаққа,
Жалтаң сөзбен құр қожақ.
Ата қоныс, жау жорық,
Жүрген шақтар тау қонып,
Тұрандықты үндейді,
Жөн табайық сау болып.
Жасамасаң бұрандық,
Жат емес-ау тұрандық.
Табан тіреп төтейді,
Жуандыққа жуандық.
Тарих – қазық, байқайық!
Шыннан қайтіп тайқайық?!
Шәкәрім қарт жазғанға
Қай бетпен бас шайқайық!
Ат қазыққа байлансын,
Пайдалы сөз сайлансын.
Туыс жұрттар табысып,
Алаң көңіл жайлансын.
Түріктенсін қаламыз,
Түріктенсін даламыз.
Түріктенсін санамыз,
Түрік болып қаламыз.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: