Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Ақ сорпа ат құйғытқан нөпір көкпар)
Ақ сорпа ат құйғытқан нөпір көкпар.
Аз да емес ақ тер, көк тер топырлақтар…
Не сойы сайгүліктің, салбілектің
Осында созылтуда бұлшық ет, қар.
Серкені өңгерген кім тайталаста ?
Қарт салтаң шетте оны байқамас та…
Тақымгер, тартыскерлер өз ісімен.
Шара жоқ қартқа басын шайқамасқа…
Шыдамай көп күшіне, серке барша,
Боп шықты борбай борша, қабырға арса.
Әр борша әр жұлқыған қолда кетті,
Құмардан шығады күш сыбаға алса…
Кешікпей көкпар қызық кетті тарап.
Салтаң қарт жалғыз қалды қырға қарап.
Қозы іші маңырады, жамырады,
Бармағы дір-дір қақты таспих санап.
Ада етіп селдей, сеңдей тасқын шағын,
Ұшырды көзден пыр-пыр жастық шағын.
Сезінді өзін тозған ескі заттай,
Тасталған күресінге тас, құм, шағыл…
Азынап боз айғыры жер тарпыды,
Қапа боп қайтқанына ер қарқыны.
Шығарды желін түгел көрік кеуде,
Дәмеден босады әбден енді алқымы.
Аз да емес ақ тер, көк тер топырлақтар…
Не сойы сайгүліктің, салбілектің
Осында созылтуда бұлшық ет, қар.
Серкені өңгерген кім тайталаста ?
Қарт салтаң шетте оны байқамас та…
Тақымгер, тартыскерлер өз ісімен.
Шара жоқ қартқа басын шайқамасқа…
Шыдамай көп күшіне, серке барша,
Боп шықты борбай борша, қабырға арса.
Әр борша әр жұлқыған қолда кетті,
Құмардан шығады күш сыбаға алса…
Кешікпей көкпар қызық кетті тарап.
Салтаң қарт жалғыз қалды қырға қарап.
Қозы іші маңырады, жамырады,
Бармағы дір-дір қақты таспих санап.
Ада етіп селдей, сеңдей тасқын шағын,
Ұшырды көзден пыр-пыр жастық шағын.
Сезінді өзін тозған ескі заттай,
Тасталған күресінге тас, құм, шағыл…
Азынап боз айғыры жер тарпыды,
Қапа боп қайтқанына ер қарқыны.
Шығарды желін түгел көрік кеуде,
Дәмеден босады әбден енді алқымы.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Көкпар)
» Қазақша өлең: Жұматай Жақыпбаев (Көкпар)
» Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Арқаның суық бораны)
» Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Қам көңіл, қам сүт емген пендемін ғой)
» Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Байқа, қартым, қасыңда қастасың жүр)
» Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Көкпар)
» Қазақша өлең: Жұматай Жақыпбаев (Көкпар)
» Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Арқаның суық бораны)
» Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Қам көңіл, қам сүт емген пендемін ғой)
» Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Байқа, қартым, қасыңда қастасың жүр)
Іздеп көріңіз: