Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Ақ сорпа ат құйғытқан нөпір көкпар)

Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Ақ сорпа ат құйғытқан нөпір көкпар)

Ақ сорпа ат құйғытқан нөпір көкпар.
Аз да емес ақ тер, көк тер топырлақтар…
Не сойы сайгүліктің, салбілектің
Осында созылтуда бұлшық ет, қар.

Серкені өңгерген кім тайталаста ?
Қарт салтаң шетте оны байқамас та…
Тақымгер, тартыскерлер өз ісімен.
Шара жоқ қартқа басын шайқамасқа…

Шыдамай көп күшіне, серке барша,
Боп шықты борбай борша, қабырға арса.
Әр борша әр жұлқыған қолда кетті,
Құмардан шығады күш сыбаға алса…

Кешікпей көкпар қызық кетті тарап.
Салтаң қарт жалғыз қалды қырға қарап.
Қозы іші маңырады, жамырады,
Бармағы дір-дір қақты таспих санап.

Ада етіп селдей, сеңдей тасқын шағын,
Ұшырды көзден пыр-пыр жастық шағын.
Сезінді өзін тозған ескі заттай,
Тасталған күресінге тас, құм, шағыл…

Азынап боз айғыры жер тарпыды,
Қапа боп қайтқанына ер қарқыны.
Шығарды желін түгел көрік кеуде,
Дәмеден босады әбден енді алқымы.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
көкпар туралы өлеңдер, көкпар туралы өлең, естеу нүсіпбеков Ақ сорпа ат құйғытқан нөпір көкпар өлең естеу нусипбеков олен стих, естеу нүсіпбеков өлеңдері, естеу нүсіпбеков өлең олен скачать, естеу нүсіпбеков все стихи на казахском языке естеу нусипбеков

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]