Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Приказ)

Айта кеп приказда
Барлық халді,
Қыздыра сөйлеп,
Отан сүйген жанды,
Сез аяғын тойтарды
Былай Маршал:
«Армия!
Тыңда!
Менен,- деп,- команда!
Қалың жау,
Айналаны тұрған қоршап,
Қасқырдай ұлиды олар
Қанды ақсап,
Бірақ бізге соқтықса
Қирамақшы,
Ескі өмір -
Тозығы жеткен қаусап.
Капитал дүниесі сырқат -
Сүзек!
Сүзіектен есіріп ол,
Жарды сүзед,
Ауруын
Жаймасын,
Жұқтырмасын,
Команда:
«Шекараны берік күзет!»
Сол кезде,
Секілденіп бейне тасқын,
Жердің бетін,
Төбеде аспан астын
Самолет, танк жауып,
Союз жерін
Екпінді, алып тұрды,
Бір тұтас үн.
Ол үн:
«Егер жау бізбен күшін өлшеп,
Алуға ниет етсе,
Бізден белшек,
Жермен-жексен етеміз,
Кең Отаннан,
Жаулар жер ала алмайды,
Жалғыз вершок!»
Капитал жері бүгін
Қанның жазы,
Советтер Союзында -
Бақыт сазы,
Осы жазда жасаған
Біздің елдің
Есінде,
Маршал берген - приказы.
Барлық халді,
Қыздыра сөйлеп,
Отан сүйген жанды,
Сез аяғын тойтарды
Былай Маршал:
«Армия!
Тыңда!
Менен,- деп,- команда!
Қалың жау,
Айналаны тұрған қоршап,
Қасқырдай ұлиды олар
Қанды ақсап,
Бірақ бізге соқтықса
Қирамақшы,
Ескі өмір -
Тозығы жеткен қаусап.
Капитал дүниесі сырқат -
Сүзек!
Сүзіектен есіріп ол,
Жарды сүзед,
Ауруын
Жаймасын,
Жұқтырмасын,
Команда:
«Шекараны берік күзет!»
Сол кезде,
Секілденіп бейне тасқын,
Жердің бетін,
Төбеде аспан астын
Самолет, танк жауып,
Союз жерін
Екпінді, алып тұрды,
Бір тұтас үн.
Ол үн:
«Егер жау бізбен күшін өлшеп,
Алуға ниет етсе,
Бізден белшек,
Жермен-жексен етеміз,
Кең Отаннан,
Жаулар жер ала алмайды,
Жалғыз вершок!»
Капитал жері бүгін
Қанның жазы,
Советтер Союзында -
Бақыт сазы,
Осы жазда жасаған
Біздің елдің
Есінде,
Маршал берген - приказы.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: