Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Неге тудым)

Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Неге тудым)

Бір жетім баланың аузынан
Анамнан жарық, көріп туған күннен,
Өмірде сәуле көрмей жүрген бір мен.
Басқадай балдан тәтті тұрмыс іздеп,
Әлі де оның шетін көрмей жүрген.
Жарыққа шыр еткенде сор шеңгелдеп,
Анамды жұтты ажал, қорлық көр деп.
Содан бері қабағым бір ашылмай,
Қайғыдан келатырмын қайғыға өрлеп.
Туған күннен төсегім шоқпыт болды,
Көрген күнім үнемі жоқтық болды.
Мен сықылды балалар әкесі бар,
Туғаннан бүгінге ше тоқтық көрді.
Ертелі-кеш күн кештім тамақ аңдып,
Нан іздеп ойға, қырға жүрмін қаңғып.
Кезсем де бақыт іздеп әр ауылды,
Түрім жоқ, сірә, адам бола аларлық.
Бай баласын сүйгенде шешелері,
Жүрегім суық мұзға төселеді:
Менің де сондай сүйер шешем болса,
Көңілім қандай шалқып өсер еді!
Бұл қалыппен өткізіп біраз жылды,
Көріме алып кірермін қайғы, мұңды.
Бар ләззатым: бейшара қабіріме,
Отырып бұлбұл сайрар жазғытұрғы.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сәбит мұқанов өлең Неге тудым олен сабит муканов стихи на казахском, сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңі, сәбит мұқановтың өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңдер жинағы, сабит муканов стихи на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]