Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Тарихқа тұлға армия)

Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Тарихқа тұлға армия)

Даусы октябрьдің саңқ еткенде,
Құлдық түн жиырылып жалп еткенде,
Құлпырып бостандықтың тоты таңы,
Алтын күн - коммунизм жарқ еткенде.
Жыртқыштар түн жорығын аңсағанда,
Бостандық көгін бұлт қоршағанда,
Даусы жердің жүзін тітірете
Лениннен болды бұйрық барша жанға.
Ол айтты: «Уа, еңбекті сүйген халық!
Қайратыңды намысқа өткір жанып,
Кек мылтығын ызамен тығыз оқтап,
Шық майданға, жігерден дабыл қағып!»
Ол айтты: «Халық демі - дауылды жел
Халықтан төгілген тер - дария сел.
Деміңмен жауыздықтың шаңын сілкіп,
Лебіңмен дүние кірін тазалап бер!»
Ұрандай шықты сонда жорыққа жұрт,
Сырылып екпінінен кектегі бұлт,
Тапталды табанында жыртқыш аңдар,
Жаншылды: жылан, шаян, бар қарақұрт.
Жарқ етті бұлт бүркенген таң құлашы,
Болмады бөгет алда тау қиясы,
Жорықта жеңіп шыққан халықтың бұл
Ардақты ұлы - Қызыл Армиясы!
Күш-қоры елдің орақ, балғасында,
Жасаған жұлдыздай боп күн қасында!
Шынықты жылдан жылға құрышталып,
Ленинизм дәуірі домнасында!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сәбит мұқанов өлең Тарихқа тұлға армия олен сабит муканов стихи на казахском, сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңі, сәбит мұқановтың өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңдер жинағы, сабит муканов стихи на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]