Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Шығар күнді)

Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Шығар күнді)

Ызғарлы қыстың қатты суық кезі,
Адамды әбден қысып, қылды мезі.
Ашылып, қатты боран аяз болып,
Батуға жақындады күннің көзі.
Кызарып қан сықылды күнбатыс жақ,
Адамның көз тіккенде зәресін ап,
Күн батты, бірақ уақыт өткеннен соң,
Көк аспан сары болды жезге ұқсап.
Басылып сарғайғанда қоңырланды,
Қара бұлт қатулана тамырланды,
Ол ол ма, әйдік үлкен қара шырма,
Біржола қараңғы ғып орап алды.
Көзге түртсе көрінбес болды енді,
Айдың да, жұлдыздың да нұры сөнді.
Ұйқтауға қара түнде құмар жандар,
«Құдай бізге берді!» деп, ал кенелді.
Жұрт жатты төсегіне жылы оранып,
Ұмытып, есінде жоқ, нұрлы жарық,
Кұр жанын тастаса да оянбады,
Сұр жылан қанын сорып, тәнін шағып!
Бір жанның осы кезде қайғысы мол,
Жұрт жатқанмен, тыным ап, жатпады ол.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сәбит мұқанов өлең Шығар күнді олен сабит муканов стихи на казахском, сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңі, сәбит мұқановтың өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңдер жинағы, сабит муканов стихи на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]