Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Ақынға)

Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Ақынға)

Пролетар ақыны -
Әскер-солдат.
Туған халқы бақытқа тартқанда, андап,
Қаламын қолына ала,
Бірге аттанбай
Іркіліп жолда олар,
Қалай қалмақ?
Ал, ақындар,
Қиял, ой, шешен тілді,
Кәне, жұмса,
барыңды аттан қолға ап.

Өлең,
Сұлу сөздерің
Табыңа азық.
Жетістік,
Қайрат,
Жоспар
Ісін жазып,
Өзің де, сылдыр сөзбен қарап қалма,
Тілге шебер,
Іске осал болма,
Нәзік.
Тіл,
Қол,
Бұлшық еттерің
Істе түгел
Қимылдасын,
Осалша қалмай қажып.
Социалистік құрылыс,-
Ұлы сарай,
Соған өз қолыңменен
Қағыс қазық.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ақын туралы өлең олен, сәбит мұқанов өлең Ақынға олен сабит муканов стихи на казахском, сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңі, сәбит мұқановтың өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңдер жинағы, сабит муканов стихи на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]