Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Аманкелді)
«Қазақ! Халық батыры! Аманкелді!»-
Деген күшті, зор атақ талай елді
Таңдандырды. Бір күні сол батырға
Тастан зіл, мұздан суық хабар келді:
«Секілді обыр патша қара албасты
Тағы да елді оба жалмамақшы!»
Бұл сөзден үрейленіп үріккен халық
Толқындай дауыл қуған араласты.
Далада бір бұл емес соққан дауыл,
Талайын ондайлардың көрген ауыл.
Толқыған елді төкпей арнасында
Сақтаудың ерге бірақ жүгі ауыр,
Қашан да ер туа ма ел ашынбай?
Не елі бір жорыққа алас ұрмай?
Сондайда туған ерлер теңіз елді,
Қорғайды гранитті жар тасындай.
Туғызды бұрын ауыл талай ерді,
Сақтады арнасында олар елді.
«Мынадай сұрапылда, мен ерлердей
Болам ба?» деп ойлады Аманкелді.
Болудың елде тұлға қиын шарты:
Бірінші - қуат қоры - болсын халқы,
Екінші - күндей күшті ыстық намыс,
Үшінші - найзағайдай ұшқыр қарқын
Төртінші - асқар таудай биік жанды,
Бесінші - гауһар тастай мөлдір арлы,
Алтыншы - магниттей тартқыш ақыл
Жетінші - ескен желдей ойы орамды.
Сегізінші - сәуледей тез жанғыш сезім,
Тоғызыншы - шым болаттай берік төзім.
Оныншы - қара бұлттай қаһарлы ашу,
Он бірінші - оқтан да өткір сөзі.
Солардың Аманкелді жиынтығы,
Болғанмен, тым екпінді құйын түрі,
Белін ол тәуекелге бек бумаса,
Құйынға төтеп болу қиын тегі.
Не болмақ тасқын теңіз, қираса жар?
Теңізі сарқылмай ма жұтып ажал?
Ер туып елге пана болмағанның
Желауыз тарих атын кім деп жазар?
Соны ойлап қиындыққа имей еңсе,
Бел буып, тәуекелге жеңсе, өлсе,
Аттанып Аманкелді, ерген елді
Сынауға күшін, салмақ салып көрсе -
Мыңқ етер емес, белі құйған құрыш,
Етіне өтер емес оқ пен қылыш.
Сол елді ертіп батыр Каспий менен
Алтайдың арасында басталды ұрыс.
Кең даланы жыландай патша орап,
Аузынан улы көбік қардай борап,
Сүлдерін сорып тауыспақ болып елдің,
У жылан айыр ұшты тілін қадап.
Жыланның Аманкелді тілін жұлды,
Сындыра улы тісін тұмсыққа ұрды.
Садақтан ысқырына ұшқан жебе
Денесін тілім-тілім турап-жырды.
Болатын ертегіде бір айдаһар:
Егер де жараланып төгілсе қан,
Туатын нақ өзіндей айдаһарлар,
Жарадан, әрбір тамшы тамған қаннан.
Нақ осы айдаһардай болды патша,
Патшаға Аманкелді садақ атса,
Патшашыл туды бір-бір ақ генерал
Тамшылап жарасынан қаны ақса.
Колчак па? Врангель ме? яки Алаш?
Ордалы жыландай бір өрген палач!..
Жұлқысып олармен де Аманкелді,
Созылды екі-үш жылға бұл зор талас.
Таласта төңірегі түндей күңгірт,
Аспанды қаракөкшіл басып тұр бұлт,
Ол кезде бостандықтың қайда екенін
Не батыр, не болмаса білмеді жұрт.
Бір кезде ауыр түнді тіле, жарып,
Батыстан шыға келді күн нұрланып,
Жарқырап күңгірт дала нұрға орана,
Кең шолып төңерегін көрді халық.
Күн - Ленин, Күннің нұры - ленинизм,
Жайнатқан сәуле сеуіп жердің жүзін.
Халықты жылы жазда жадыратып,
Өмірдің жойды ызғар қысын, күзін.
Кездесіп бар халықты сүйген досқа,
«Мен саған ерем, жұртты өзің баста»
Деп батыр, ленинизм бау-бақшасын
Күзетіп комиссар боп тұрды поста.
«Болмайды,- деген сөз бар,- жылансыз
Жыландай жымып келіп, қапыда жау
Батырды шақты. Батыр қаза тапты,
Қалпында қалды бірақ бақша мен бау.
Кеңітіп бау-бақшада ел өрісін,
Еркін жер мейірлене мол жемісін,
Батырын - Аманкелді мәңгі есте
Сақтайды «тұған ер,- деп,- ол ел үшін?
Кезінде бастап елді қанды арпалыс.
Тарихта қалды батыр боп мақтаныш,
Бүгінгі ұрпақ! Фашист жауыңменен
Майданда Аманкелді батырша алыс.
Халқының мақтанышы - Аманкелді
Секілді, фашистерден қорғап елді.
Көздеген мақсатына жетіп тынған,
Күтеміз бұл майданнан талай ерді!
Деген күшті, зор атақ талай елді
Таңдандырды. Бір күні сол батырға
Тастан зіл, мұздан суық хабар келді:
«Секілді обыр патша қара албасты
Тағы да елді оба жалмамақшы!»
Бұл сөзден үрейленіп үріккен халық
Толқындай дауыл қуған араласты.
Далада бір бұл емес соққан дауыл,
Талайын ондайлардың көрген ауыл.
Толқыған елді төкпей арнасында
Сақтаудың ерге бірақ жүгі ауыр,
Қашан да ер туа ма ел ашынбай?
Не елі бір жорыққа алас ұрмай?
Сондайда туған ерлер теңіз елді,
Қорғайды гранитті жар тасындай.
Туғызды бұрын ауыл талай ерді,
Сақтады арнасында олар елді.
«Мынадай сұрапылда, мен ерлердей
Болам ба?» деп ойлады Аманкелді.
Болудың елде тұлға қиын шарты:
Бірінші - қуат қоры - болсын халқы,
Екінші - күндей күшті ыстық намыс,
Үшінші - найзағайдай ұшқыр қарқын
Төртінші - асқар таудай биік жанды,
Бесінші - гауһар тастай мөлдір арлы,
Алтыншы - магниттей тартқыш ақыл
Жетінші - ескен желдей ойы орамды.
Сегізінші - сәуледей тез жанғыш сезім,
Тоғызыншы - шым болаттай берік төзім.
Оныншы - қара бұлттай қаһарлы ашу,
Он бірінші - оқтан да өткір сөзі.
Солардың Аманкелді жиынтығы,
Болғанмен, тым екпінді құйын түрі,
Белін ол тәуекелге бек бумаса,
Құйынға төтеп болу қиын тегі.
Не болмақ тасқын теңіз, қираса жар?
Теңізі сарқылмай ма жұтып ажал?
Ер туып елге пана болмағанның
Желауыз тарих атын кім деп жазар?
Соны ойлап қиындыққа имей еңсе,
Бел буып, тәуекелге жеңсе, өлсе,
Аттанып Аманкелді, ерген елді
Сынауға күшін, салмақ салып көрсе -
Мыңқ етер емес, белі құйған құрыш,
Етіне өтер емес оқ пен қылыш.
Сол елді ертіп батыр Каспий менен
Алтайдың арасында басталды ұрыс.
Кең даланы жыландай патша орап,
Аузынан улы көбік қардай борап,
Сүлдерін сорып тауыспақ болып елдің,
У жылан айыр ұшты тілін қадап.
Жыланның Аманкелді тілін жұлды,
Сындыра улы тісін тұмсыққа ұрды.
Садақтан ысқырына ұшқан жебе
Денесін тілім-тілім турап-жырды.
Болатын ертегіде бір айдаһар:
Егер де жараланып төгілсе қан,
Туатын нақ өзіндей айдаһарлар,
Жарадан, әрбір тамшы тамған қаннан.
Нақ осы айдаһардай болды патша,
Патшаға Аманкелді садақ атса,
Патшашыл туды бір-бір ақ генерал
Тамшылап жарасынан қаны ақса.
Колчак па? Врангель ме? яки Алаш?
Ордалы жыландай бір өрген палач!..
Жұлқысып олармен де Аманкелді,
Созылды екі-үш жылға бұл зор талас.
Таласта төңірегі түндей күңгірт,
Аспанды қаракөкшіл басып тұр бұлт,
Ол кезде бостандықтың қайда екенін
Не батыр, не болмаса білмеді жұрт.
Бір кезде ауыр түнді тіле, жарып,
Батыстан шыға келді күн нұрланып,
Жарқырап күңгірт дала нұрға орана,
Кең шолып төңерегін көрді халық.
Күн - Ленин, Күннің нұры - ленинизм,
Жайнатқан сәуле сеуіп жердің жүзін.
Халықты жылы жазда жадыратып,
Өмірдің жойды ызғар қысын, күзін.
Кездесіп бар халықты сүйген досқа,
«Мен саған ерем, жұртты өзің баста»
Деп батыр, ленинизм бау-бақшасын
Күзетіп комиссар боп тұрды поста.
«Болмайды,- деген сөз бар,- жылансыз
Жыландай жымып келіп, қапыда жау
Батырды шақты. Батыр қаза тапты,
Қалпында қалды бірақ бақша мен бау.
Кеңітіп бау-бақшада ел өрісін,
Еркін жер мейірлене мол жемісін,
Батырын - Аманкелді мәңгі есте
Сақтайды «тұған ер,- деп,- ол ел үшін?
Кезінде бастап елді қанды арпалыс.
Тарихта қалды батыр боп мақтаныш,
Бүгінгі ұрпақ! Фашист жауыңменен
Майданда Аманкелді батырша алыс.
Халқының мақтанышы - Аманкелді
Секілді, фашистерден қорғап елді.
Көздеген мақсатына жетіп тынған,
Күтеміз бұл майданнан талай ерді!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: