Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Газеттің досы - тілшілер)
![Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Газеттің досы - тілшілер)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2016-02/1454510761_mukanov207.jpg)
Кедейдің соғып сойылын,
Кедейдің тілеп тойымын,
Ойлайтын қамын тереңнен,
Газеттің досы - тілшілер.
Ұямен қол ұстасып,
Кедейдің көшін бастасып,
Байсалды жерге жөнелген
Газеттің досы - тілшілер.
Бұзықтармен күресіп,
Талайын түйреп түгесіп,
Кауіптен қорықпай түнерген
Газеттің досы - тілшілер.
Шаруаға көз болып,
Қисық іске тез болып,
Игілікке бастайтын -
Газеттің досы - тілшілер.
Бітірер ісі енімді.
Еңбекке жегіп өмірді,
Еңбектен тайып қашпайтын
Газеттің досы - тілшілер.
Кедейдің тілеп тойымын,
Ойлайтын қамын тереңнен,
Газеттің досы - тілшілер.
Ұямен қол ұстасып,
Кедейдің көшін бастасып,
Байсалды жерге жөнелген
Газеттің досы - тілшілер.
Бұзықтармен күресіп,
Талайын түйреп түгесіп,
Кауіптен қорықпай түнерген
Газеттің досы - тілшілер.
Шаруаға көз болып,
Қисық іске тез болып,
Игілікке бастайтын -
Газеттің досы - тілшілер.
Бітірер ісі енімді.
Еңбекке жегіп өмірді,
Еңбектен тайып қашпайтын
Газеттің досы - тілшілер.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: