Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Дауылдан туған)

Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Дауылдан туған)

Ол дауылда туды да,
Дауылда қақты қанатты.
Сескене ме дауылдан
Дауылдай күшті талапты.
Бетке сабап балауса
Қанатымен дауылды.
Сынса да қанат сыр бермей
Демеді ол ауырды.
Шырқап шығып биікке
Төкті сөздіңнөсерін,
Сеніп осы нөсерден
Гүл-бәйшешек өсерін.
Төңкерілген аспанға
Сырлы алтын ошақтай.
Дауылды нөсер артынан,
Шағылған күнге қосақтай.
Поэзия көгінде
Жайнады сұлу сөздері.
Мәңгі меруерт сөзіндей,
Өзі бірақ төзбеді.
Сынған қанат, суыққа
Шалынған жүрек ақынды
Жеңді. Оны жер-ана
«Кел, ұлым!» деп шақырды.
Ет жүрек ере алмады,
Жер-ана оны бөледі,
Жас қабірін жайнатты
Жайнаған сөздің веногі.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сәбит мұқанов өлең Дауылдан туған олен сабит муканов стихи на казахском, сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңі, сәбит мұқановтың өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңдер жинағы, сабит муканов стихи на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]