Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Бостандық)

Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Бостандық)

Бай, мырзаға басыңды иіп жалынып,
Төрелерге «құдайым» деп табынып,
Ақысыз, пұлсыз, бір аяқ асқа жұмыс қып,
Жүруші едің қысы-жазы сарылып.
Қорек қылып қара нанның күйігін,
Сусын қылып ащы іркіттің сұйығын.
Бәйбішеден ұлықсатсыз ауызға
Салмаушы едің ірімшіктің түйірін.
Салбаң-сұлбаң жұмыс қылып күнұзын.
Төсек қып жатсаң құрым киізін.
Битті күпі «тоңарсың» деп, берсе бай,
Қуанушы ең шыққандай боп мүйізің.
Көріп ылғи ауыр тұрмыс қиынын,
Көк желке боп, салбырап екі иығың,
Өмір бойы жүрсең дағы құлдықта,
Шығып көрген жоқ-ты сенің бүйірің.
Өзің адам, тұрмысыңда мал едің,
Күшің адал, сүтің арам жан едің.
Тырнағына жауыздардың ілігіп,
Азаттыққа өміріңше зар едің.
«Құдай», «құран» деген сөзге нанып ең,
Сене-сене күн кере алмай қажып ең,
Орақ қолда, айдалада мұңыңды,
Ескен желге зарлы әніңмен шағып ең.
Талай сырлы сұлу сөзге сеніп ең.
Бәрі алдап, бәрінен де безіп ең,
Таң атпастай, күн шықпастай көрініп,
Ауыр қалге амалсыздан төзіп ең.
Жерден таппай көктен тілек тіледің,
Соққы көріп, мұздай болды жүрегің,
Басқа бақыт бұл жалғаннан таппастай,
Ермек болды қолыңдағы күрегің...
Бір заманда көкке бұлт жиылды,
Қанды қызыл түсіменен түйілді,
Артқы жағы дауыл болып сұрапыл,
Асқар тауды ұршықтай ғып үйірді.
Нажағайы оттай болып жайнады,
Қылыш сермеп, найзаменен ойнады,
Күркіреген жерді жарып дауысы,
Қалың бұлтты түре тиіп айдады.
Дауыл талай ордаларды қиратты,
Талайларды тақтарынан құлатты,
Зұлымдарды елді талап жылатқан
Жойды-дағы - ел көз жасын құрғатты.
Бір заманда соққан дауыл басылды,
Бұлт ыдырап, күннің көзі ашылды,
Көгі шығып, жер жұмақтай құлпырды,
Гүлге толып қызыл, сары, жасылды.
Бұл дауыл не?- бұл кешегі төңкеріс,
Байға - қайғы, кедейлерге - көркем іс,
Он сегіз мың ғаламға айқын көрінген:
Көзін тігіп қарап тұрған жер тегіс.
Кеше көзге қан майданда көріндік,
Жұрт біледі жаудан қашан шегіндік.
Арқамызға ері батып байлардың,
Бостандыққа белді буып берілдік.
Көп күресіп, бостандықты жасадық,
Аянбадық көлеңкені таса қып.
Енді еркінбіз, күн біздікі күлеміз,
Темір тордан күресумен босандық.
Бұл бостандық көктен бізге келмеді,
Ешкім бізге сыйлап және бермеді.
Мұнда қазір ортағы жоқ өзгенің,
Бұл бостандық - жұмыскердің жеңгені
Нелер заман бай аяқты күрмеді,
Жүре алмадық, ойлансақ та жүргелі,
Енді азатсың ешнәрседен сескенбе,
Бас аяқты алшаң-алшаң ілгері!
Күш жоқ кезде күштілерден жасқандық.
А, кедейлер! деп жүрмеңдер бос қалдық,
Еңбек етсең, білім, өнер сенікі,
Өзің ие, міне саған бостандық!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Бостандық туралы олен өлең, сәбит мұқанов өлең Бостандық олен сабит муканов стихи на казахском, сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңі, сәбит мұқановтың өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңдер жинағы, сабит муканов стихи на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]