Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Елеусізге)
Не деп отыр, мынау хат?!
Не көріп отыр, мынау көз?!
«Өлім» деген лағнат,
Келуші ме еді бұлай тез?!
Кеше ғана емес пе,
Жөнелткенім қоштасып?!
Майдандағы егеске,
Калай тез жетті астасып?!
Тірі ме екен, әлде ол
Госпитальға түсті ме?
Сап болып әлде бәрі де...
Үйді ме топырақ үстіңе?
Апыр-ау, тірі келсейші,
Болса да кем-тар қай жері!
Тезірек хабар берсейші,
Тым болмаса дәрігері!
Не көріп отыр, мынау көз?!
«Өлім» деген лағнат,
Келуші ме еді бұлай тез?!
Кеше ғана емес пе,
Жөнелткенім қоштасып?!
Майдандағы егеске,
Калай тез жетті астасып?!
Тірі ме екен, әлде ол
Госпитальға түсті ме?
Сап болып әлде бәрі де...
Үйді ме топырақ үстіңе?
Апыр-ау, тірі келсейші,
Болса да кем-тар қай жері!
Тезірек хабар берсейші,
Тым болмаса дәрігері!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: