Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Есіңе алып жүрмісің)

Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Есіңе алып жүрмісің)

Елдегі қара шаруа,
Шаруаның қамына
Бір-екі ауыз сөз айтам:
Осы сезді мықтап ұқ,
Тіршіліктің қамын ғып,
Қапы қалма боп бейғам.
Ызғарлы, суық, қарлы қыс,
Долы боран, зарлы қыс,
Қонақ болды үш-төрт ай.
Аязға бетті жалатып,
Мұртыңа қалың мұз қатып,
Алысып жүрсін шаршамай.
Үйген шөбің қылқиды,
Сиырың арып тыртиды,
Жұтай ма деп қорқасың,
Қалмасын деп ашығып,
Сабан-сұбан тасынып,
Қаладан қоқым тартасын.
Ақшаң жоқ жүрген шылдырап,
Үйіңде ұның құлдырап,
Таусылуға айналды.
Әлдеқашан бітірдің
Ерте тауысып құтылдың,
Тайынша-торпақ сойғанды.
Өткен жылы қамданбай,
Қыс келмейтін болғандай,
Асықпадың, саспадың.
Көп қып егін екпедің,
Бір жерді түгел сеппедің,
Енді саса бастадың.
Өлгенше тамақ керек қой,
Тамаққа еңбек себеп қой,
«қара шаруа» деп жазылып жүрді.
Қазіргі «шаруа» ол кезде
Мұны ойламай болмайды.
Қыс пен күз, жаз ауысып,
Азықты көп күн тауысып,
Құрғақ үміт алдайды.
Туып қалды міне март,
Төбеден сүңгі тамшылап,
Келді жаздың иісі,
Енді малың шуақтап,
Сабан-сұбан жеп жатпақ,
Көбеймек енді күйісі.
Сиырларың бұзаулар,
Уызға балаң уанар,
Тоқшылық көре бастарсын.
Келеді деп енді жаз,
Жадырап жүзің болып мәз,
Киіміңді сырт тастарсың!
Оларың бірақ ұнамсыз,
Жаз өтіп, тағы тумақ күз,
Аржағында қысы бар.
Бұл күнің ертең келеді,
Тағы да көзің көреді,
Осы арасын есіңе ал.
Киіміңді шешінбе,
Аяғыңды кәсілме,
Беліңді буып, түрегеп,
Арығыңды оңалған,
Біраздан бері демалған,
Қамытта да қайта жек.
Жуып қойған тазалап,
Елге тұқым тарамақ,
Қамданғандар үлеспек.
Тық-тық қағып шақшаны,
Бұрын барған ақшалы,
Тұқымды түгел түгеспек.
Барыңды қамдап сен дағы
Тиісті құнын бер дағы,
Тазалаған тұқым ал!
Сайманыңды қамдап ап,
Жетпегенін жалдап ап,
Күшіңе қарай егін сал!
Құдайдан күтпе, жерден күт,
Тырбан өзің еңбек қып,
Бүйірің сонда тояды.
Түгелденіп арманың,
Келесі қыс мал, жаның
Уайымсыз, мұңсыз болады.
Малың, жаның жеп тоймай,
Азырақ қысым болғандай,
Болды білем бұл қысың.
Алдағы күнді көп ойлап,
Жаз келеді тез қамдан.,
Есіңе алып жүрмісің?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сәбит мұқанов өлең Есіңе алып жүрмісің олен сабит муканов стихи на казахском, сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңі, сәбит мұқановтың өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңдер жинағы, сабит муканов стихи на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]