Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Күресшіл ұрпаққа)

Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Күресшіл ұрпаққа)

Жаз күні жайнаған гүл жан-жақ кілең,
Жердің беті масаты жайған кілем.
Көкте көлбей қалқыған сирек бұлт
Бір түстес жерде, көкте шаттық рең.
Күн шырқап шыққан биік түстің кезі,
Өң беріп жер жүзіне нұрлы көзі,
Самалдың жұмсақ қана есіп өткен
Мұрныңды қытықтайды бал лебізі.
Бәрі де адамзаттың жүр жайланып,
Тегістік, бауырмалдық туғаны анық.
Залымдық, арам ойлы бұзақылық,
Бәрі де ұмытылған кейін қалып.
Жайылған күшті ұран - адал еңбек,
Күш қосып табиғатты адам жеңбек,
Барлығы бір ауызды, жоқ алалық,
«Сіз» дейді, атамайды бірін «сен» деп.
Бұл қай кез, коммунизм мезгілі ғой,
Сол кезді жырла, тілім, өзгені қой,
Жасаушы бұл бақытты еңбекшілер,
Жолды айқын Ленин көсем мезгеді ғой.
Бірақ та ол күн әлі жатыр алыс,
Бар әлі жолымызда талай жарыс,
Алыс деп шаршап неге талығайық,
Тұрғанда кеудемізде ыстық намыс.
Талайлар өлмек, талайлар туа бермек,
Бақытты адам әділдік күнді кермек,
Сол күніне жетуге кім жәрдемші
Болғандығы олардың есіне еңбек.
Еңбекші ел, айтатын жалғыз сөзім,-
Дұшпаныңа қырағы болсын көзің!
Күресе біл, ұстаған серттен тайма,
Бұрынғы күресшілдің басып ізін.
Денеден ыстық, қанды суытпаңдар!
Ұмтылып жетер жерге жуықтаңдар!
Қыр басына шық тағы кейін қара,
Арманда өлгендерді ұмытпаңдар!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сәбит мұқанов өлең Күресшіл ұрпаққа олен сабит муканов стихи на казахском, сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңі, сәбит мұқановтың өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңдер жинағы, сабит муканов стихи на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]