Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Сәбидің өліміне)

Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Сәбидің өліміне)

Дейтін де «бала адамның бауыр еті»,
Бауырымның жарылғандай болып өті,
Барады өртеніп іш!.. Неткен жара!..
Жазуға келер кімнің құдіреті?!
Атасам «Арыстаным, құлыным!» деп,
Сыздайды суырғандай жұлыным кеп!..
Тартылып баратқанда көз жанары, болды.
Адам емес, аң болып ұлыдым кеп?..
Қарасам, жасты көзбен ұсқынына,
Әкесін аяуы ма, «мысқылы» ма? -
Кеудеден жан ұшарда езу тартты,
Куаты жетпей жатып ышқынуға!..
Мен неге тірі отырмын болып бейбақ?!.
Қайғының теңізіне кеттім бойлап...
Жансыз боп сәби дене созылғанда
Бетінде қала берді-ау қаны ойнап!..
Көмгенде сол қан тұрды кескінінде!..
«Жаны бар ма?!» «Іңгәсін» естідім бе?!»-
Дегендей сезім тулап, жас қабірді
Құшақтай жата қалдым өксідім де.

Арыстаным - Алғашқы әйелім Рахима Қощығұл қызынан туған Арыстан, 1926 жылдьң 12 май күні қызылшадан қайтыс.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сәбит мұқанов өлең Сәбидің өліміне олен сабит муканов стихи на казахском, сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңі, сәбит мұқановтың өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңдер жинағы, сабит муканов стихи на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]