Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Қыз сүю)

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Қыз сүю)

Қыз десе әркім кетер қызуланып,
Көңілге әлдеқайдан от кеп жанып.
Ең арты аппақ қу бас шалдар-дағы
Қояды бір қиқаңдап құшырланып.
Дүниеде жан саясы қыз дейсің ғой,
Құмартып құлқың құрып іздейсің ғой.
Мылқау, кеще, таз, тазша болсаң-дағы
Қыз тимес деп күдерді үзбейсің ғой.
Қыз сондай сен іздеген сұлу болса,
Көргенде құмарланып кеудең толса,
Алмас қылыш жүзіндей аударылып,
Көлеңкесі көңіліңе барып қонса.
Бойы тік, сын-сымбаты түзік болса,
Саусағы сылдыраған жүзік болса.
Екі беті үлбіреп, көзі жайнап,
Белдері тартқан сымдай нәзік болса.
Өн бойың қарағанда ду-ду етсе,
Сыртың қысылып, тұншығып ішің күйсе.
Ал сонда асыла кетіп, бұраң етіп,
Қайтер едің, жігітім, қолға тисе?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сұлтанмахмұт торайғыров өлең Қыз сүю олен стихи султанмахмут торайгыров, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері әдеби әлем, султанмахмут торайгыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров олен, султанмахмут торайгыров стихи на казахском языке, стихи султанмахмута торайгырова на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]