Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Өмірімнің уәдесі)

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Өмірімнің уәдесі)

Оллаһи! Ант етемін алла атымен,
Орыс тілін білемін һәм хатымен,
История, география пәнді білмей,
Оллаһи, тірі болып жүрмеспін мен.
Келгенше осыларды отыз жасқа,
Іншалла бәрін түгел ұғам басқа.
Отыз жасқа келгенше ұға алмасам,
Жер жұтсын, мәз болмаймын ішер асқа.
Сенемін еңбек қылсам, бақыт жақын,
Келер жаз атақты алам деген «ақын».
Жүректің қазынасы тазартылса,
Пайдасын көрер әлі-ақ ертең халқым.
Тұрмыстың оғы шыбындай,
Тезінен туар көңілімде ай.
Бір мағнауи күш түртіп,
Баққа ұмтылып тұр маңдай.
Үміттің көзі жарқырап,
Бұлағы ағар сарқырап.
Бұл бәйгеде Махмұттың
Азбаны келер арқырап.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сұлтанмахмұт торайғыров өлең Өмірімнің уәдесі олен стихи султанмахмут торайгыров, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері әдеби әлем, султанмахмут торайгыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров олен, султанмахмут торайгыров стихи на казахском языке, стихи султанмахмута торайгырова на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]